Рамазан айында Астана мешіттеріне автобустар тегін қатынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасиетті Рамазан айында Астана қаласының мешіттері үш бағыт бойынша көлікпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT компаниясының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Компанияда жол жүру ақысының тегін болатынын нақтылады.

Автобус «Әзірет Сұлтан» мешітіне дейін мына бағытпен жүреді:

- «Спутник» супермаркеті;
- «Астана-1» т/ж вокзалы;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы.

«Нұр Астана» мешітіне дейін:

- Медицина колледжі;
- «Астана-1» т/ж вокзалы;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы.
 

  «Сәдуақас қажы ғылмани» мешітіне дейін:

- «Спутник» супермаркеті;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы.



Еске салайық, Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы 17 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстанның барлық қалалары мен өңірлері үшін Ораза және намаз кестесінің нұсқасын бекітті. Төмендегі суретте Астана қаласының кестесі келтірілген.

Соңғы жаңалықтар