Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 24 °С
Алматы: 20 °С
USD 325.75 EUR 382.04
RUB 5.31 CNY 51.04
Жаңалықтар

Рамазан айы қай күні басталады - Бас мүфтидің мәлімдемесі

2018 жылғы 12 мамыр 13:51 10090
Бөлісіңіз:
Рамазан айы қай күні басталады  - Бас мүфтидің мәлімдемесі

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Рамазан айының қай күні басталатындығын ресми жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келе жатқан қасиетті Рамазан айы баршамызға құтты, берекелі болғай! Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің шешімімен шариғат ережелерінде айды көріп, Оразан бекіту және отандық астрафизикалық зерттеулер орталығының негіздеріне сүйене отырып, 16 мамыр кешкі алғашқы тарауих намазы оқылады.  17 мамыр рамазан айының бірінші күні болып бекітілді. Толығырақ ақпараттар ресми сайтымызда беріледі. Келе жатқан Ұлық ай баршамызға құтты, берекелі болсын!», - делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан Бас мүфтидің қазақстандықтарға арнаған үндеуінде.

Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, бастай беріңдер», - деген.

Демек, мұсылман жұртшылығы рамазаннан бұрын болатын шағбан айының жиырма тоғызы күні кешке қарай жаңа айдың (рамазанның) тууын күтулері керек. Жаңа ай көрінсе, онда келесі күні ораза ұстайды. Егер көрінбесе, сол айды отыз күнге толтырып, оразаны бастайды. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары осы хадисте айтылған шағбан айының 29-ыншы күні 15 мамырға, ал 30-ыншы жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туылатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр - рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты. Аталмыш мекеме 16 мамырда астрономиялық құралдар көмегімен жаңа айды көруге болатынын мәлімдеді.

Осыған орай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шариғи үкім мен отандық астрономиялық ғылыми зерттеу нәтижесін негізге ала отырып: «17 мамыр - Рамазан айының бірінші күні», - деген шешім қабылдады.

Фото: oko-meshit.kz


Басты сөздер: Қоғам, Дін,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат