Рақымшылыққа сотталғандардың қандай санаты жатпайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі рақымшылыққа ілінбейтін сотталғандардың санатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық кодекстің 78-бабы бойынша, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс (14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге қатысты қылмыстарды қоспағанда), террористік, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы бойынша сотталғандарға рақымшылық жасау туралы акті қолданылмайды», - деп жазылған Ішкі істер министрлігінің редакция сауалына берген жауабында.

ІІМ өкілдері қылмысқа қайта барған сотталушылар туралы мәлімет ұсынды.

«Бүгінгі таңда қылмыстық атқару жүйесі мекемерлерінде қылмысын қайталағаны үшін сотталған 5 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр», - делінген ресми жауапта.


Соңғы жаңалықтар