Рақым Ошақбаев: Ұлттық кеңес қазақстандықтардың үмітін ақтауы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қазақстандықтардың үмітін ақтауы тиіс. Бұл пікірді «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рақым Ошақбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент құрған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты бізге мемлекет пен қоғам үлкен сенім артып отыр. Мұндай үмітті ақтау оңай болмайды. Ұлттық кеңеске еліміздің алдағы саяси-экономикалық жаңғыруының негізі ретінде үміт жүктелді. Оның жұмысы үш классикалық «себетке» бөлінуі мүмкін – саяси, әлеуметтік және экономикалық. Біз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты пайдалы бастамалар енгіземіз деп үміттенеміз. Қазір бірқатар нақты ұсынымдар әзірлеп жатырмыз, оны қоғамдық талқылауға шығарып, сараптамалық топтарды іске қосқымыз келеді. Кейінірек, халықтың қолдауына ие болған бастамаларды Ұлттық кеңес қарауына шығарамыз. Сондықтан, өте белсенді жұмысқа дайындалып жатырмыз», - деді Рақым Ошақбаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағы ұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.

Ұлттық кеңеске түрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүше атанды.


Соңғы жаңалықтар