Рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту қажет -Мемлекет басшысы

None
None
денің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / - Адам түзелмей, заман түзелмек емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ-ші съезінде осылай айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықтарды бір-бірімен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана» деген даналық сөз бар. Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей, заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу, адамның өз міндеті. Мінекей, бүгін біз осы жайында адамзаттың бүгіні мен ертеңгі тағдыры туралы кең отырып, кеңесуге жиналып отырмыз. Сонымен бірге бұл басқосу қазіргі дүниежүзілік саяси ахуалға, халықтар достығына игі ықпалын тигізеді  деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар