Раиса Шер: Елбасы кітабы - жас ұрпаққа бағыт беретін бірегей туынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Николай Зеньковичтің «О великой жизни» - «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» шығармасына оқырмандар оң бағасын беріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кітапты немерелеріммен бірге оқып шықтым. Туындының тілі жеңіл болғаны соншалық, әдетте кітап оқуға бой бұра бермейтін немерелерімнің де ұйып тыңдап қалғанын көрдім. Мұндай жүрекке жылы әрі жұмсақ туындыны радиодан тыңдаудың өз ғанибеттігі бар деген ойдамын. Елбасының өмір жолындағы қалыптасу жолының жас балалар үшін жетік тілмен берілгені өз кезегінде жеткіншектер үшін алға жетелеуші  болары сөзсіз. «Мен кіммін? Кім болғым келеді? Өмір жолындағы несібем қандай?» деген сұрақтарға жауап іздейтін жас жеткіншек үшін бұл оқулық - бағыт беруші құрал», - дейді ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Мемлекет басшысы болып келмей тұрып, Елбасының өмір жолы оңай болмағаны кітапта жақсы баяндалған.

«Кітап өте жеңіл оқылады және тәрбиелік мазмұны жоғары. Елбасының қилы тағдыры барынша қызықты баяндалған», - дейді Р. Шер.

Соңғы жаңалықтар