Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 7 қарашада өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар театр және кино актрисасы Раиса Мухамедиярованы 7 қараша күні ақтық сапарға шығарып салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңес және қазақстандық кино әрі театр актрисасы, Қазақ ССР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 7 қараша күні сағат 10-00-да театр ғимаратында өтеді.

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса.

Раиса Мұхамедиярова 1963 жылы режиссер Сұлтан Қожықовтың қазақ киносының алтын қорынан орын алған «Менің атым - Қожа» фильмінде ұстаз Хадиша Майқанованың рөлімен халыққа кеңінен танылды. Кино әлемінде 30-ға жуық фильмге түскен. Оның таланты мен сұлулығын бағалаған замандас-әріптестері «қазақтың Джина Лоллобриджидасы» деп атаған.

Айта кетейік, 1964 жылы Раиса Мұхамедиярова жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шығып, 8 жыл некеде болған.

Актриса бүгін 80 жасында дүниеден озды.

Фото: www.kino-teatr.ru

Соңғы жаңалықтар