Рахым Ошақбаев: Өңірлерден вакцина алуды насихаттайтын еріктілерді тартудамыз

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері Шығыс Қазақстан облысына келді. Штабтың құрылуына мұрындық болғандардың бірі Рахым Ошақбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта өңірлерде вакцина алуды насихаттайтын еріктілер тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп кетті. Осы айда күн сайын қауіпті дертке шалдыққандар 7 мыңнан асып, емделіп жатқандар саны 118 мыңға жуықтап отыр. Бұл өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 6 есеге артық. Соңғы апталарда елімізде күн сайын 100-ден астам адам вирустан көз жұмуда», - дейді ол.

Рахым Ошақбаевтың айтуынша, былтыр індетке қарсы тұру үшін локдаун енгізілген болатын. Ал осы жылы коронавирусты жеңудің ең тиімді әдісі – вакцина пайда болды.

«Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мақсаты – халыққа вакцина алуды насихаттау, жалған ақпараттарға сенбеуге шақыру. Расыменде азаматтардың екпе жайлы сұрақтары жетерлік. Міне, біз дәрігерлер, түрлі мамандар, сарапшылар арқылы сол сауалдардың жауабын табуға көмектесеміз. Бүгінде қатарымызға өңірлерден еріктілерді, белсенді жастар мен медицина қызметкерлерін тартудамыз. Ниет білдіргендер болса құшақ жая қарсы аламыз. Індетті бірлесіп жеңейік!», - дейді Р. Ошақбаев.


Соңғы жаңалықтар