Рахым Ошақбаев Ашық деректердің ұлттық стратегиясын дайындауды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Ашық деректердің ұлттық стратегиясын дайындау ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпаратқа қол жеткізу деңгейі бойынша жылдық есеп жасалғаны үлкен қадам деуге болады. Ашықтық және траспаренттілік саясатын дамыту ісіндегі келесі қадам ақпаратқа қол жеткізу ұғымынан деректерге қол жеткізу ұғымына көшу болуы керек деп ойлаймын. Мемлекет саясатында деректерге қолжетімділікті машиналы оқу түрінде дамыту трендке айналғанын көргіміз келеді», - деді «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев.

Оның айтуынша, машинамен оқылатын деректерді талдапу жеңілдесе, қоғам санасында соның негізінде жаңа құндылықтар қалыптастыруға болады.

«Мұны біз өз алаңымыздағы талқылауларда көтергенбіз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі толық түсініп отыр. Алдағы 2 жылда біз Ашық деректердің ұлттық стртаегиясын дайындау қажеттігін түсінетіндей деңгейге жететін шығармыз. Қазір Экономикалық серіктестік және даму ұйымының жетекші елдері осы іспен айналысып жатыр. Әзірше біз одан алыстамыз. Бірақ сондай коалция керек. Бірінші кезекте мемлекеттік және өұзырлы органдар мүдделі болғаны қажет. Біз үкіметтік емес ұйымдар тарапынан осы іске атсалысуға дайныбыз», - деді қоғам белсендісі.


Соңғы жаңалықтар