Рахман Омаровтың әйелін өлтірген күдікті келіншек сотта жауап беруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі актер, журналист Рахман Омаровтың әйелі Гүлдерайым Омарованы пышақтап кеткен әйелдің ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында 30 жастағы Ақтолқын Сүлейменова сот алдында жауап беруде.

Әйелге ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен, 24-бабының 3-бөлімімен, 99-бабының 2-бөлімімен айып тағылып отыр.

Айта кетерлігі, қайғылы оқиға 2018 жылдың маусымында болған еді.

Гүлдерайым Омарова Ақкент шағын ауданындағы пәтерін жалға беріп келген. Маусымның 26 күні ол жалға алу ақысын алу үшін пәтер жалдаушыларына барған.

Сол кезде пәтер қожайыны мен жалдаушылар арасында кикілжің туындаған. Дау-дамайдың арты қайғылы жағдайға ұласқан.

Екі әйел Гүлдерайымға бірнеше жерінен пышақ салған. Әйел сол жерде алған жарақатынан көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар