Рахман Алшанов «100 жаңа оқулық» жобасын жалғастыруды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Үкімет отырысында «100 жаңа оқулық» жобасын жалғастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «100 жаңа оқулық» жобасы аяқталды. Бұл жоба жастарды әлемдегі таңдаулы ғылым, мәдениет үлгілерімен таныстыруға мүмкіндік берді. Осыған орай қазақ тілінде академиялық әдебиет шығару бастамасын жалғастыруды ұсынамыз. Барлық тараптардың пікірін толығымен ескеретін білім беру саясатын іске асыру арқылы Қазақстанда жоғары білімнің бәсекеге қабілетін өсіруге болатынына сенімдіміз», - дейді Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті,

Сондай-ақ, ол қашықтан оқыту процесін заңмен реттеу керектігін атап өтті.

«Жоғары білімнің деңгейі кәсіби стандарттармен қамтамасыз етілмей отыр. Бұл ретте білікті кадр даярлау жайында айту қиын. Сондықтан кәсіби тізімін кеңейтуді қарастыру сөзсіз қажет. Қашықтан оқыту - өмір шындығы. Оны бүкіл әлем іске асырып жатыр. Оның маңызын пандемия кезінде жақсы түсіндік. Сондықтан бұл процесті заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет», - деп қосты Рахман Алшанов.


Соңғы жаңалықтар