+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Рахат Бекболат ауыр атлетикадан Азия чемпионатында әлемдік рекорд орнатты

2020 жылғы 18 ақпан 19:40
Бөлісіңіз:
Рахат Бекболат ауыр атлетикадан Азия чемпионатында әлемдік рекорд орнатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рахат Бекболаттың шығуымен қазақстандық команданың Өзбекстан астанасында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетуі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық 3 ауыр атлет Азия чемпионатының жүлдегері атанды Елордада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді Ауыр атлетика: Илья Ильин Катарда жүлдесіз қалды

Қызылорда ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге озып кетті. Осылайша, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. «Серпе көтеру» жаттығуында жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты.

Екінші орын ирандық Аболфази Хакнурда – 342 келі (154+188), үшінші орынды өзбек Азимджон Ходжиев иеленді, ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 келі көтерді (152 + 181).

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Азия құрлығының 20 елінен 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысты.

Қазақстаннан 10 спортшы қатысқан болатын, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, біздің командада 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Өзбекстан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT