+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Рафаэль Надаль төртінші мәрте US Open жеңімпазы атанды

2019 жылғы 9 қыркүйек 09:06
Бөлісіңіз:
Рафаэль Надаль төртінші мәрте US Open жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатының финалында испаниялық Рафаэль Надаль ресейлік Даниил Медведевті тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Кукушкин Санкт-Петербор турнирінің ширек финалына шықты Ауыр атлетикадан әлем біріншілігінің алауы тұтанды Елордада спортшылармен ғылыми жұмыс жүргізетін университет ашылады

Жарыс Нью-Йорктегі Ұлттық теннис орталығының «хард» жабындысы төселген корттарында өтті.

Турнирдің бесінші ракеткасы, 23 жастағы ресейлік спортшы Надальден 5:7, 3:6, 7:5, 6:4, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Бұл спортшылардың екінші рет кездесуі. 11 тамыз күні Медведев Надаль Монреальдегі турнирдің финалында қарсыласып, 3:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (АТР) рейтингінде екінші орында тұрған 33 жастағы Надаль US Open чемпионатында осымен төртінші рет жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол Roland Garros чемпионатында он екі мәрте, «Уимблдонда» екі рет және Australian Open-де бір мәрте жеңіске жеткен. Осылайша Надаль Үлкен дулыға турнирлерінің 19 мәрте жеңімпазы атанған. Испаниялық теннисші дәл осы көрсеткішпен екінші орынға орналасты. Бірінші орында жиырма мәрте үздік атанған швейцариялық Роджер Федерер тұр.

АҚШ-тың ашық чемпионаты - Үлкен дулыға турнирлері маусымында төртінші әрі қорытынды жарыс. Биыл жүлде қоры $57 млн құрады. Надаль жеңісі үшін $3,85 млн, Медведев $1,9 млн алды. Сенбі күні әйелдер арасындағы сынның финалында 19 жастағы канадалық Бьянка Андрееску америкалық Серена Уильямстан айласын асырған болатын. 2018 жылы ерлер арасындағы жекелей турнирде сербиялық Новак Джокович жеңімпаз атанған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT