Радардан жоғалып кеткен РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы апатқа ұшыраған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала деректер бойынша, РФ Қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағының Сочиде құлауы техникалық ақаулар және ұшу кезіндегі қателік салдарынан болған, деп хабарлайды РИА Новости қарулы күштер дереккөзіне сілтеме жасап.

«Ту-154 ұшағының құлауы әуе кемесіндегі техникалық ақаулар және ұшу кезіндегі қателік салдарынан болды деген нұсқа бар», - деп айтқан агенттіктің дереккөзі. 

Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Адлер аэродромынан жоспарлық ұшу жасау барысында Ту-154  ұшағы радардан жоғалып кеткен.  Ұшақтың бортында 83 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болған.

Баспасөз қызметі мәлімдегендей, жоғалған Ту-154 ұшағында әскери қызметкерлер, сонымен қатар Александров атындағы ансамбль әртістері мен ресейлік БАҚ-тың тоғыз өкілі болды.

Лайнерді іздеу жұмыстарын Краснодар өлкесі мен көрші өңірлердегі Оңтүстік әскери округі әуе бөлімшелерінің барлық іздеу-құтқару қызметі жүргізуде.

 

Соңғы жаңалықтар