Race Nation Burabay кедергілермен жарысы өтеді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучье қаласында Race Nation Burabay кедергілермен жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Елімізде алғаш рет 2016 жылы Алматыда өткен жарыс географиясын кеңейтіп, «Щучье-Бурабай» курортты аймағында ұйымдастырылмақ.

Жарыс қыркүйектің 30-ы сағат 13:00-де курортты аймақтың ең əсем спорттық нысандарының бірі - Щучьедегі шаңғы-трамплин базасында өтеді.

«Бұл жолғы Race Nation Burabay жарысына 500-ге жуық адам қатысады деп күтілуде. Қатысушылар түрлі кедергілермен жүгіріп, төзімділіктерін сынап көреді. Курортты өңірдің саф ауасы мен əсем табиғатты қатысушыларға күш - жігер берсе заманғы спорттық нысандағы жайлылық жарыстың тартысты өтетініне кепіл болмақ», - дейді Race Nation Burabay спорт директоры Тимур Артюхин.

Жарыс Ақмола облысы əкімдігінің қолдауы жəне облыстық туризм басқармасының тапсырысы бойынша «Экстремалды Атлетика» қоғамдық бірлестігінің кəсіпқой командаларының ұйымдастыруымен өтеді.

Жарыс жолын салуға кəсіби спортшылар мен элиталы арнайы əскери бөлімшелердің сарапшылары тартылды.

Race Nation құру үшін осындай жарыстарды жиі өткізетін Tough Mudder (АҚШ), Super Hero (АҚШ), MUD RUN (АҚШ), The Color Run (АҚШ), Tru Grit (Австралия) елдердің тəжірибелері зерттелді. Батыс елдерінде мұндай жарыстарға миллионға жуық адам қатысады.

«Ұзындығы 5 шақырым жарыс жолында 17 кедергі бар. Қолмен жүру, саз балшық ваннасы, рампа, ауырлыққа төзу жəне тікенекті сым сияқты кедергілер дененің мүмкіндігінше жұмыс істеуіне мəжбүрлейді», -дейді Тимур Артюхин.

Қатысушылардың нақты саны қыркүйектің 27-нен кейін тіркеу уақыты аяқталған соң ғана белгілі болады.

Айта кетейік, Race Nation, немесе «Ұлт жарысы» - ойлы-қырлы жерде жасанды кедергілермен жүгіру жарысы.

Күш жүгірісі (5+ км және 17-ден астам кедергі) кіреді. Жарыс Open, Team жəне Elite санаттары бойынша өтеді. Open, Team жəне Elite жүгірісіне - ең жақсы дайындалған, кәсіби және жартылай кәсіби спортшылар қатысады. Open жүгірісіне - орташа және бастапқы дайындық деңгейіндегі спортшылар қатысады. Team жүгірісі - командалық жүгіріс. Team үлгісінде мәре команданың соңғы қатысушысы бойынша есептелді. Elite бәсекесіне кәсіби жəне жартылай кәсіби спортшылар кіреді.

Соңғы жаңалықтар