Р4Р рейтингі: Головкин үздік үштіктен шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBN порталы жариялаған Р4Р рейтингінің екінші орнына бірінші ауыр салмақта абсолюттік әлем чемпионы украиналық Александр Усик жайғасты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Тізім басында басқа бір украиналық боксшы Василий Ломаченко тұр. Аталған рейтингтің үздіктер үштігін Данияр Елеусіновтің салмақ санатындағы чемпион Теренс Кроуфорд түйіндейді.

Ал Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин төртінші орынға сырғыды. Ал оған 15 қыркүйекте қарсылас болатын Сауль Альварестің есімі тізімде жоқ.

1. Василий Ломаченко (Украина)
2. Александр Усик (Украина)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Геннадий Головкин (Қазақстан)
5. Майки Гарсиа (АҚШ)
6. Мэнни Пакьяо (Филиппины)
7. Наоя Иноуэ (Жапония)
8. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
9. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)
10. Лео Санта Крус (Мексика)

Еске сала кетейік, Александр Усик жуырда Головкиннің жаттығудағы серігі Мурат Гассиевті жеңіп, абсолюттік әлем чемпионы атанған болатын. Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирннің айтуынша, украиналық боксшы қазір Р4Р рейтингінің бірінші нөмірі болуға лайықты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты. Билеттердің құны 566 доллардан 52 000 долларға дейінгі аралықта.

 

Соңғы жаңалықтар