Р.Аушев: Қазақстан - ең серпінді түрде дамып жатқан мемлекеттерді бірі

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан - ТМД кеңістігінде ең серпінді түрде дамып жатқан мемлекеттердің бірі. «ҚазАқпарат» ХАА журналистерімен Ингушетияның бірінші президенті, Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушев осындай пікірін бөлісті.

«Мен Қазақстан болды, бар және болып қала береді деп ойлаймын! Сіздерге барған сайын оның өз дамуында қол жеткізген жетістіктеріне таңқалып отырамын. Қазақстан - менің отаным екенін атап өткім келеді, мен Көкшетау облысының тумасымын. Сондықтан аға-қарындастарым, жерлестерім үшін өте қуаныштымын», - деді ол.

«Қазақстан бұл қарқынды одан ары да ұстап, алға қойған жоспарларыңыз іске асырылатынына сенімдімін. Қазақстан еліне бейбітшілік, бақыт және гүлдену тілеймін», - деп қосып өтті Р.Аушев.

Соңғы жаңалықтар