Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясында Qnet желілік компаниясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Qnet компаниясының қызметіне қатысты Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Полиция өкілінің айтуынша, тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

«Qnet Қазақстан Республикасы заңнамасына сайкес кәсіпкерлік қызмет көрсетіп жатқан жоқ. Компанияның банктік және инвестициялық қызметке лицензиясы мен рұқсаты жоқ»,- деді ол.

Айта кетейік, компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына азаматтардан 220 шағым тіркелген.


Соңғы жаңалықтар