QazVac вакцинасы көрші елдерге жіберіле ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов отандық QazVac вакцинасын көрші елдерге жеткізу туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта ай сайын QazVac вакцинасының 100 мың дозасы шығарылады. Шілде айына да 100 мың вакцина жоспарланған. Ал 30 тамыз бен 1 қыркүйекте вакцинаның айлық көлемі 600 мыңға дейін ұлғаяды. Сондықтан, қазіргі уақытта өндіріс мәселелері толық бақылауымызда», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.

Сонымен бірге, спикер Қазақстанда QazVac бойынша дефицит жоқ екенін, шамамен 30 мың вакцина қалып отырғанын жеткізді. Жекелеген өңірлерде вакцина жетіспеушілігі байқалса, толықтырылады.

«Көрші елдерге жеткізуге келсек, иә, бізден вакцина жеткізуді сұрайтын елдер бар. Бірақ, ең алдымен, өз азаматтарымызды қамтуымыз керек. Әзірге маусым мен шілде, тіпті тамыз айларында басқа елдерге вакцина жеткізу жоспарланып отырған жоқ. Қырғызстан ресми сұрау бар, оны кеше қарастырдық. Вакцина шығару көлемі 600 мыңға жеткен соң, қыркүйекте шамамен миллион QazVac болады, сол кезде осы мәселені көтере аламыз», - деп түсіндірді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар