+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

QazVac-тың тиімділігі дәлелденді - Қасым-Жомарт Тоқаев

2021 жылғы 17 қыркүйек 13:21
Бөлісіңіз:
QazVac-тың тиімділігі дәлелденді - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті. Бұл туралы Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімін қабылдады Президент тапсырмасы: БЖЗҚ қазақстандықтарға үй жағдайын жақсартуға 1,92 трлн теңге аударған Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары Михай Варганы қабылдады

«Коронавируспен күрес біздің күнтәртібіміздегі өзекті тақырыптардың бірі болып қалып отыр. Пандемияның ең қиын кезеңінде ШЫҰ бойынша әріптестер шындығында ынтымақтастықтың «Шанхай рухын» танытқанын зор қуанышпен атап өтемін. Осы ретте өзара гуманитарлық көмек көрсетілді. Пандемияға қарсы іс-қимылда батыл бетбұрыс халықты жаппай иммундауға үйлестірілген қадам жағдайында ғана мүмкін болады», - деп тоқталды Қазақстан Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы көмекке мұқтаж тараптарды елеусіз қалдыруға болмайтынын қадап айтты. Бұл тұрғыда Қазақстанның салмақты ұсыныстары бар.

«QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз препаратты гуманитарлық көмек ретінде көршілес елдерге жеткізе бастадық», - деді Қ. Тоқаев.

Осы орайда Президент қазақстандық тағы екі ғылыми әзірлемелер, яғни NARUVAX C-19 пен NARUVAX C-19 NANO коронавирусқа қарсы кандидат вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне енгізілгенін айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ШЫҰ елдерінде вакциналау паспорттарын өзара тану рәсімдерінің жылдамдатылуы мемлекеттер тап болған қиындықтар мен қатерлерді еңсеруге ықпал ететініне сенімді екенін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT