QazVac сынағының үшінші кезеңіне берілген есеп неге мақұлданбай жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов QazVac вакцинасына жүргізілген сынақтың үшінші кезең есебі қандай жағдайда дайын болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үшінші кезең бойынша есепке келетін болсақ, шын мәнінде дәрілік заттарды сараптау орталығы бұл құжаттарды қарап жатыр және қағаздар толық талапқа сай болған кезде оң қорытындысын береді. Бұл жұмысқа ғалымдардың үлкен сараптамалық тобы қатысады. Олар зерттеу нәтижесі қойылатын талаптарға қаншалықты сәйкес екенін қарайды», - деді Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, құжаттар бүкіл талаптарға сай болса, сынақ қорытындысы туралы шешім шығару үшін екі апта кетуі мүмкін.

«Құжаттардың толық пакеті болса, жақын арада тиісті қорытынды беріледі. Барлық пысықталған материалдарды алғаннан кейін құжаттар зерделеніп, тиісті шешім шығарылады. Ол үшін бұған дейін айтылған нұсқаулар орындалып, кемшіліктер түзетілуі керек», - деді Марат Шоранов.


Соңғы жаңалықтар