QazVac отандық вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы ШҚО-дан басқа барлық өңірге жеткізілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы қазақстандық вакцинаның QazCovid-in алғашқы партиясы шығарылды.

«СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясы 23 сәуірде жеткізілді.

Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-Сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.

QazVac вакцинасын бірыңғай дистрибьютор хабтарына жеткізу 23 сәуірге дейін жүзеге асырылды.

25 сәуірдегі жағдай бойынша вакцина Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірлерге жөнелтілді, ал Шығыс Қазақстан облысына ол 26 сәуірден кейін келеді.

Айта кетейік, белсенді емес вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирус негізінде жасалады.

QazVac вакцинасымен вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар