QazVac Қырғызстанда ресми түрде тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық QazVac вакцинасы Қырғызстанда ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында мәлім етті.

«QazVac Қырғызстанда ресми тіркелді», - деп жазды министр.

Еске салсақ, QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген болатын.

Осыдан бір ай бұрын Президент Үкіметке QazVac-ты экспорттау мәселесін пысықтауды тапсырған еді.

Ал әлемге танымал The Lancet журналында «QazVac» вакцинасы туралы мақала шықты.

«The Lancet журналы отандық «QazVac» вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын!», - деген болатын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар