+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

«QAZVAC» : Еріктілердің клиникалық зерттеуі қалай өтіп жатыр

2021 жылғы 14 сәуір 13:20
Бөлісіңіз:
«QAZVAC» : Еріктілердің клиникалық зерттеуі қалай өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов «QAZVAC» отандық вакцинасын клиникалық зерттеудің аралық нәтижелерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта 244 еріктіге жасалған клиникалық зерттеулердің 1-2 фазасы аяқталуда және 3000 еріктіге жасалған үшінші кезеңнің клиникалық зерттеулерінің 50%-ы 15 сәуірде аяқталады. Клиникалық зерттеулер хаттамасына және денсаулық сақтау министрлігінің, ДДҰ талаптарына сәйкес клиникалық зерттеулер жүргізудің белгілі бір мерзімдері бар екенін түсінуіміз керек. Ал клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде кем дегенде 70 күн болуы керек. Сондықтан мұнда бәріміз шыдамдылық танытып, түпкілікті нәтижені күтуіміз керек. Дегенмен, 15 сәуірде үшінші кезеңнің 50%-ына қол жеткізілетіндіктен, бүгін біз атқарылған жұмыстың кейбір нәтижелерін бөліскіміз келеді», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Екпе алған еріктілер вакцинаның өзін де, плацебосын да салдырған.

«Яғни, бізде «соқыр» рандомизацияланған зерттеу қолданылады, еріктінің өзі бұл жағдайда нақты вакцина немесе плацебо алғанын білмейді, тиісінше өздері мән-жайды білмейінше еріктілер туралы мәліметтерді көрсете алмаймыз, тіпті мен министрдің орынбасары ретінде вакцинаны немесе плацебоны кім алғанын білмеймін. Мұның бәрін деректерді жариялап, құжаттарды Денсаулық сақтау министрлігіне бергеннен кейін білеміз. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамаға сәйкес барлығы қалыпты түрде жүріп жатыр. Алматы және Тараз қалаларында тиісті GCP сертификаттары бар клиникаларда зерттеу жүріп жатыр. Барлық еріктілер апта сайын дәрігерлерге денсаулығының жай-күйі туралы хабарлайды, клиникаларға үнемі келіп тұрады, оларды дәрігерлер бақылайды және еріктілерден вирусқа тән антиденелерге де, бейтараптандыратын антиденелерге де сынама алынады», - деп түсіндірді М. Дәуленов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT