QazVac дайындығын кім тексереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандық QazVac вакцинасының дайындығын тексерумен қандай мекеме айналысатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жұмыспен ең алдымен аталған вакцинаны әзірлеуші институт айналысады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл жұмысқа Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығының сарапшылары мен мамандары қатысады», - деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, вакцинаны қолданысқа енгізу клиникалық сынақтар нәтижесінің дайын болуына байланысты.

«Осы аптаның ішінде қазақстандық вакцинаның клиникалық сынағының үшінші сатысы 50 пайызға аяқталады деп жоспарланған. Тіркеу және одан ары пайдалануға қатысты есептерді күтетін боламыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Бұған дейін Марат Шоранов Қазақстандық QazVac вацинасын құтыға құю процесі неліктен Түркияда жүргізілетіндігін түсіндіргенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар