QazVac авторлары мемлекеттік сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдар Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа бағыттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына берілді. Сыйақы мөлшері 18 млн 600 мың теңге. Институт ұжымы ол ақшаны қайырымдылыққа бағыттау туралы шешім қабылдады. Бұ қаражат Отар ауылындағы баспанаға мұқтаж тұрғындардың үй сатып алуына жұмсалды», - деп жазылған Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметте.

Ресми мәлімет бойынша, Қордай ауданының қоғам қайраткерлерінің, ақсақалдары мен басшылығының қатысуымен көпбалалы отбасы мен мүгедектер отбасына үй кілттері бүгін табысталды.


Бұған дейін «QazVac» вакцинасы мен «Розеофунгин-АС» отандық түпнұсқадағы жаңа дәрілік препаратын әзірлеген қазақстандық ғалымдарға Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілетіні хабарланған болатын.

QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдардың өзі де баспаналы болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар