QazTrade кәсіпкерлерді «Ақылды экспорт 2.0» бизнес-практикумына шақырады

None
None
QazTrade академиясы отандық тауар өндірушілерге үш деңгейлі оқу бағдарламасы – «Ақылды экспорт 2.0» бизнес-практикумын кәсібін енді бастаған, жұмыс істеп тұрған және тәжірибелі компанияларға ұйымдастырады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылатын шара 2022 маусым, тамыз және қазан айларында өткізіледі. «Ақылды экспорт» бизнес-практикумының мақсаты – отандық компаниялардың экспорт қызметін жүзеге асыру барысындағы құзыретін арттыру. Онлайн және офлайн форматта өтетін оқытуда 200-ден астам компания экспорт саласындағы өзекті тақырыптарды қамтитын 12 вебинарда құзыретін арттырады. Әрбір вебинар практикалық сабақтардан тұрады және сәтті кейстердің мысалдарымен сүйемелденеді. Бұл әрбір қатысушының алған білімі мен дағдыларын тиімді игеруіне кепілдік береді. Сонымен қатар Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанда 3 көшпелі семинар болады.

Бизнес-практикумның бастапқы деңгейі 20-24 маусым күндері өтеді. Іс-шара барысында Әлішер Махмудов қазақстандық тауар, қызметтерді әлеуетті сатып алушылармен келіссөздерді B2B форматында өткізуге қалай дайындалу керектігін жете түсіндіреді. Манас Гиждуаниев пен Дәурен Хасенов отандық компанияларда ESG әдісін енгізу мүмкіндігі жайында сөз қозғайды. Ал Даур Чигамбаев экспорттаушыларға пайдалы ақпараттарды қайдан алуға болатынын үйретсе, Камила Оразалина Incoterms жеткізу шарттары мен экспорттық келісімшарт туралы сөз қозғайды.

Жалпы, вебинарлар мен семинарлар барысында спикерлер мен сарапшылар экспорттық қызмет жүргізу мүмкіндіктерімен қатар тосын кедергілер жайында айтып, оларды шешу жолдарын ұсынады.

Ал орташа деңгей 2022 жылғы 1-10 тамыз, тәжірибелі деңгей 1-10 қазанда өтеді.

Көшпелі семинарлар 20 маусым, 15 тамыз және 15 қазанға жоспарланған. Біріншісі 20 маусымда Алматы қаласында ұйымдастырылады. Іс-шара барысында сарапшы Ринат Ақбергенов «Кедендік рәсімдеу: «Астана-1» ақпараттық жүйесінің теориясы және тәжірибе» тақырыбында сөз сөйлеп, семинар қатысушыларына тарифтік емес реттеудің қолданыстағы іс-шаралары аясында экспорттың кедендік процедураларымен таныстырады.

Бағдарламаға қызығушылық танытсаңыз мына сілтеме арқылы тіркеліңіз - http://smartexport2022.qaztrade.org.kz/

«QazTrade» АҚ – ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы және шикізаттық емес өнімнің экспортын дамыту мен ілгерілету жөніндегі негізгі институт саналады және қызметтер мен мемлекеттік қолдау іс-шараларының кең спектрін ұсынады.

Соңғы жаңалықтар