«QazQovid-In» вакцинасы қашан шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәуір айының соңында «QazQovid-In» вакцинасының алғашқы өнеркәсіптік партиясы шығарылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізде білетіндей, вакцинаны әзірлеумен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айналысады. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрылымына кіреді. Олардың мәліметтеріне сәйкес, бүгінде барлығы да жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Клиникалық сынақтың бірінші және екінші сатысы аяқталғанын білеміз. Бірінші сатысы 2020 жылдың наурызында, екіншісі сәуірде аяқталды. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында үшінші саты басталды. Сондықтан бәрі рет-ретімен келе жатыр. Сәуір айының соңында вакцина дайын болады деп күтіп отырмыз. Бірінші көлемі – 50 мың дозаға дейін. Сәуірдің соңында алғашқы өнеркәсіптік партиясының шығарылатындығы күтіледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Соңғы жаңалықтар