QazInnovations ел медицинасына технологиялық трендтерді енгізу әлеуетін зерттеп жатыр

None
Фото: bigstockphoto.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада медициналық саланың экожүйесін инновациялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«MedTech бағыты бойынша технологиялық болжау» панельдік сессиясында сарапшылар саланың болашағына әсер етуі мүмкін медицина саласындағы соңғы технологиялық трендтер мен әзірлемелер туралы айтып, Қазақстандағы медицина саласының экожүйесінің инновациялары мәселелерін талқылады.

QazInnovations инновациялық экожүйені дамыту орталығының директоры Мадияр Әбіловтың айтуынша, саланың проблемаларын, кедергілері мен сын-қатерлерін анықтау мақсатында MedTech (медициналық технологиялар) саласында форсайттық зерттеулер, технологиялық болжау жүргізу міндеті қойылған.

«Бізге денсаулық сақтау саласына енбеген ұйым ретінде Үкімет ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп осы зерттеуді жүргізуді тапсырды.

Біздің басты мақсатымыз – үкімет инвестициялауы қажет медицина саласындағы перспективалы нишаларды, технологияларды, трендтерді және өнімдерді анықтау, сондай-ақ біздің әлеуетіміз қайда екенін табу. Ол үшін бізде белгілі бір дайындық, өндіріс, шикізат, нақты жобалар, стартаптар тіпті зерттеулер де бар», - деді Мадияр Әбілов.

Спикер ҚР Үкіметі жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысында үш басымдық белгіленгенін атап өтті.

«Дәл осы медицина мен денсаулық сақтау саласы инновацияларды тереңірек зерделеу мен енгізу үшін ҚР Үкіметі жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңес айқындаған үш негізгі бағыт қатарына кірді, олар – MedTech, AgriTech, GreenTech. AgriTech – біз аграрлық ел болғандықтан, яғни әлеуетіміз бар екенін көрсетеді, ал GreenTech –»жасыл«технологияларды, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеуді дамыту, яғни бүкіл әлем сол бағытқа көшуде. MedTech – жалпы ұлт денсаулығының көрсеткіші. Осы мүмкіндікті пайдаланып, екінші жартыжылдықта және келесі жылы бізде AgriTech және GreenTech бағыттары бойынша форсайттық зерттеулер жоспарланғанын айтқым келеді. Қазақстанда соңғы технологиялық болжам 10 жыл бұрын жүргізілген. Осыдан кейін Үкіметтен аналитикаға тапсырыс болған жоқ», - деп толықтырды спикер.

Сонымен бірге, Мадияр Әбілов MedTech төрт негізгі салаға бөлінгенін айтты.

«Біз дәрігерлер де, денсаулық сақтау саласының мамандары да емеспіз. Біз елдің инновациялық саясатын қалыптастыруға жауаптымыз. Яғни, біз медицинаның әртүрлі салаларынан мамандарды жалдаймыз. Олармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында осы жұмыс жүргізілуде. Біз MedTech-ті 4 негізгі салаға бөлдік. Біріншісі –фармацевтика, яғни дәрі-дәрмектер, екіншісі – жасанды интеллектке қатысты барлық нәрсе, үшіншісі – медициналық жабдық, оған КТ, МРТ және басқалары кіреді, төртіншісі – шприцтер мен қолғаптарға дейінгі медициналық бұйымдар», - деп түсіндірді М. Әбілов.


Соңғы жаңалықтар