QazCOVID-in вакцинасы коронавирустың жаңа штамына төтеп бере ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Инактивтелген вакцинада вирустың ішіндегі бүкіл ақуыздардың спекторлары сақталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» брифингіде айтылды, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін мамандар «Спутник V» вакцинасының коронавирустың жаңа штамына төтеп бере алатынын айтты. Ал отандық вакцина бұған қаншалықты қауқарлы?», - деген тілші сұрағына Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья жауап берді.

«Инактивтелген вакцинада вирустың ішіндегі бүкіл ақуыздардың спекторлары сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де біздің вакцинадан пайда болатын иммунитет бүкіл мутацияланған штамдарға қарсы төтеп бере алады», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін QazCOVID-in вакцинасының қауіпсіздігі толық дәлелденгені туралы хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар