QazCovid-in вакцинасы: 15 сәуірде клиникалық зерттеудің үшінші сатысы 50 пайызға аяқталады

None
None
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – 15 сәуірде QazCovid-in вакцинасы клиникалық зерттеуінің үшінші сатысы 50 пайызға аяқталады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кез келген вакцинаның медициналық мақсатта қолдануға жіберу үшін тексерудің бірнеше кезеңі өтуі тиіс. Бірінші кезекте, бұл - жануарларға клиникаға дейінге зерттеулер, клиникалық зерттеулердің бірнеше сатысы. QazCovid-in вакцинасы клиникалық зерттеудің бірінші сатысын 100 пайыз тиімілікпен сәтті өті. Клиникалық зерттеудің екінші сатысының тиімділігі 96 пайыз болды. 15 сәуірде клиникалық зерттеудің үшінші сатысы 50 пайызға аяқталады және содан кейін осы кезеңде вакцина қандай тиімділік көрсеткенін хабарлай аламыз», - деді Күнсұлу Закария Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының алаңында ұйымдастырылған баспасөз туры барысында.

Сонымен қатар ғалым «толық аяқталмаған күйдегі вакцинаны қолдануға бола ма?» деген сауалға жауап берді.

«Пандемияға байланысты күрделі жағдайды және вакцинаның аса қажеттігі ескеріле отырып, әлемнің көптеген елінде ортақ әдіс қабылданған. Вакцина өндіретін елдердің 100 пайызы берлік оны клиникалық зерттеудің екінші сатысы аяқталғаннан кейін немесе үшінші сатысы 50 пайызға орындалған соң медициналық қолдануды бастайды. Уақыт күтпейді. Сондықтан клиникалық снақтың үшінші сатысының 50 пайызы қанағаттанарлық нәтие беретін болса, онда еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі оны медициналық қолдануға рұқсат береді», - деді институт бас директоры.

Еске салсақ, COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина сынағының ІІІ кезеңі өтуде.

«QazCovid-in вакцинасы қазіргі уақытта Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сынақтан өтіп жатқан қазақстандық вакцинаның нәтижесі сәуір айында шығады.

Сонымен қатар, қазақстандық вакцинаның артықшылықтары туралы да айттық. Сондай-ақ, қазақстандық вакцинаға қатысты қатар қолданылып жүрген QazCovid-in немесе QazVac атауларына түсінік берілді.

Соңғы жаңалықтар