+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

QazCovid-in немесе QazVac: Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның дұрыс атауы қандай

2021 жылғы 9 сәуір 10:48
Бөлісіңіз:
QazCovid-in немесе QazVac: Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның дұрыс атауы қандай

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның атауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бұған дейін сатылымға шығарылатын қазақстандық вакцина QazVac деп аталатындығы хабарланған болатын.

«Өзге елдерде шығарылатын вакциналардың атауларын алып қарайық. Мәселен, «Спутник V» вакцинасы – бұл вакцинаның сауда атауы. Оның нағыз ғылыми атауы «Гам-КОВИД-Вак» деп аталады. Бұл атаулар ешкімде де сұрақ туындатпайды. Тағы да түсіндіріп өтейін қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы - QazCovid-in. Ал вакцинны сату үшін сауда атауы – QazVac», - деді Күнсұлу Закария Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының алаңында ұйымдастырылған баспасөз туры барысында.

Еске салсақ, COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина сынағының ІІІ кезеңі өтуде.

«QazCovid-in вакцинасы қазіргі уақытта Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сынақтан өтіп жатқан қазақстандық вакцинаның нәтижесі сәуір айында шығады.

Сонымен қатар, қазақстандық вакцинаның артықшылықтары туралы да айттық.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT