+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

«QAZAQSTAN» ұлттық арнасында Елбасы туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі

2019 жылғы 5 шілде 14:42
Бөлісіңіз:
«QAZAQSTAN» ұлттық арнасында Елбасы туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы Елбасы туралы жаңа деректі фильм әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті басқарғанына биыл - 30 жыл. Деректі фильмге Елбасының тәуелсіз елді құрудың әр кезеңдеріндегі серіктестері мен үзеңгілестерінің естеліктері арқау болды.

«Олардың қатарында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қ.Көшербаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы А.Есімов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Құл-Мұхаммед бар» делінген хабарламада.

Спикерлер Н.Назарбаевтың тұлға ретіндегі саяси болмысы мен адами қадір-қасиеттері туралы бұрын ешқайда айтылмаған ақпараттармен бөліседі.

«Елбасы» жаңа деректі фильмі 6 шілде сағат 20:25-те «QAZAQSTAN» ұлттық арнасынан көрсетіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT