+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

«Qazaqstan» ұлттық арнасы Головкин-Шеремета жекпе-жегін көрсетеді

2020 жылғы 11 желтоқсан 16:06
Бөлісіңіз:
«Qazaqstan» ұлттық арнасы Головкин-Шеремета жекпе-жегін көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Шеремета жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) жекпе-жек өткізеді.

38 жастағы жерлесіміз шаршы алаңға соңғы рет 2019 жылдың қазан айында украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы шыққан еді. 31 жастағы Шереметамен өтетін жекпе-жекте Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.

Бокс кеші аясында қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуінің иегері Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Әли Ахмедов 18 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгорамен жұдырықтасады.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бокс кешін 19 желтоқсанда тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 4-те басталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT