«Qazaqstan» телеарнасында Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімі көрсетіледі. Бұл туралы Инстаграмдағы жеке парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 20:50-де «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімін көрсетеді. Гала-концертке Қазақстанның танымал өнер иелері мен саxна шеберлері Д. Құдайберген, Ә.Дінішев, А.Мұсақожаева, М.Мұхамедқызы, М.Мудряк, М.Шотабаев, Н.Бекмұхамедов және басқалар қатысты», - деп жазған Мемлекет басшысы концерттен видеоүзіндіні жариялады.

Еске салайық, кеше, 15 сәуір күні Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты өтті. Қазақстандық әртістердің гала-концертін екі мемлекеттің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев тамашалады. Өзбекстан жұртшылығы асыға тосқан әртіс - әнші Димаш Құдайберген болғаны сөзсіз. Жанкүйерлер оны Ташкентте құшақ жая қарсы алғанын жазған болатынбыз. Кейін Димаштың Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасында оның сахнада көрсеткен өнерінің видеосы жарияланды.

Соңғы жаңалықтар