+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

«Qazaqstan» телеарнасынан «Елдіктің бастауы» жаңа деректі фильмі жарыққа шығады

2020 жылғы 30 қараша 23:19
Бөлісіңіз:
«Qazaqstan» телеарнасынан «Елдіктің бастауы» жаңа деректі фильмі жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Елдіктің бастауы» жаңа деректі фильмінің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынылды Елбасы «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысуда

Деректі фильм ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің мүддесі мен болашағы үшін қабылдаған шешімдерінің нәтижесіне арналған. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараның бекітілуі, шетелдердегі қандастардың атажұртқа көшіп келуі, шағын және орта бизнеске қолдау, «Болашақ» бағдарламасы мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуы сынды бес ауқымды бағыт қамтылған.

Фильмде қарапайым еңбек адамдарының елдегі істерге көзқарасы, пікір-пайымы, Елбасына лебіздері күнделікті тіршілік көріністері арқылы өріледі. Сондай-ақ мұрағат материалдарынан Н.Назарбаевтың осы бес бағыт бойынша сөйлеген сөздерінен үзінділер мен бейнекөріністер келтіріледі.

Түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалалары, Ақмола облысының Егіндікөл ауданы, Алматы облысының Көксу ауданы және Жамбыл облысындағы Қордай шекара бекетінде өтті.

«Деректі фильмнің кейіпкерлері – түрлі жастағы және түрлі саладағы адамдар. Бірі өз саласында жетістікке жеткен мемлекеттік қызметкер, енді бірі өз кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, көпшілікке пайдасы тиіп жүрген кәсіпкер. Фильмде үлкен өмірге қадам баспаса да, талабы зор оқушы да бар. Оларды біріктіретіні елге, туған жерге сүйіспеншілік, еңбекқорлық пен білім-білігін жетілдіруге деген талпыныс», - дейді деректі фильм авторы, журналист Альбина Әшім.

Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан 1 желтоқсан күні сағат 16:00-де эфирге шығады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT