«Qazaqstan» телеарнасы «Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмін ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы алдағы мереке күндеріне арналған телевизиялық жобалардың жаңа маусымын таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Qazaqstan», «Qazsport» және «Balapan» телеарналарындағы арнайы жобалар туралы айтып берді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін барлық телеарналар мен радио еліміздің бас мерекесі - ҚР Тәуелсіздік күніне ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты біз барлық үлкен жобалардың премьераларын осы мерекеге арнадық. Өздеріңіз білетіндей, корпорациямыздың, әсіресе ұлттық телеарнаның басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды, өнерді насихаттау. Сондықтан БАҚ, арнайы тележобалар арқылы Тәуелсіздік күнінің маңызын жеткізуге тырысып отырмыз», - деді ол.

Ерлан Қариннің атап өтуінше, телеарналар эфирінде жүргізілетін арнайы жобалар алдын ала талқыланып, бағдарламалық кесте әзірленген.

«Мереке күндері барлық телекөрермендеріміз танымдық жобалар, деректі фильмдер тамашалай алады, сондай-ақ ұлттық арнада «Кейкі мерген» және «Күй ғұмыр» атты жаңа телесериалдардың тұсаукесері өтеді. Ал «Balapan» өз көрермендерін бірден үш анимациялық фильмнің премьерасымен қуантпақ», - деп мәлім етті спикер.

Ерлан Қариннің мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 21:00-де «Men qazaqpyn» мегажобасының соңғы гала-концерті өтіп, жеңімпаздар белгілі болады. Ал байқаудың қазылар алқасы - танымал музыканттар Ұлжан Байбосынова, Айгүл Елшібаева және Айгүл Үлкенбаева өздерінің музыкалық нөмірлерін ұсынады.

15 желтоқсан күні сағат 18:20-да Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ «Qazaqstan» арнасы «Igraphic» дизайн-студиясымен бірге ҚР Президентінің еңбек жолы, еліміздің тәуелсіздік жылдарында дамуы мен жетістіктері туралы баяндайтын бірегей бейнероликтер топтамасын әзірледі.

Бұдан басқа, ұлттық телеарна көрермендері «Ұмытылмас әндер» атты музыкалық концерт пен «Әзіл әлемі» телевизиялық әзіл-сықақ театрының жаңа шығарылымын тамашалай алады.

16 желтоқсан күні сағат 10:10-да ауыр атлетикадан әлемнің және Еуропаның бес дүркін чемпионы Анатолий Храпатый туралы «Анатолий Храпатый: менің зілтемірім» атты жаңа деректі фильм эфирге шығады. Ал 19:35-те көрермен назарына «Qazaqstan fighter» реалити-шоуы, сағат 23:00-де бокс жанкүйерлері үшін «Astana arlans» Кубогы ойнатылған кәсіби бокс кешінің көрсетілімі ұсынылады.

«Balapan» телеарнасы жас көрермендер үшін 10 желтоқсаннан бастап HD-форматта бірден үш жаңа анимациялық сериалды дайындады. Дүйсенбіден бастап сағат 12:35-те кішкентай қазақстандықтар «Айдар» мультсериалын, сағат 12:45-те «Дала ойындарын» және 16:30-да «Ертемір» мультсериалын тамашалай алады.

Сондай-ақ «Balapan» телеарнасының эфирінде «Орман күзеті» және «Шахмат патшалығы» атты жаңа мультсериалдар көрсетіледі.


Авторы: Лаура Амантаева

Соңғы жаңалықтар