Qazaqstan телеарнасы «Тұңғыш» деректі фильмін ұсынады
2021 жылғы 1 желтоқсан 16:22

Qazaqstan телеарнасы «Тұңғыш» деректі фильмін ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Qazaqstan телеарнасы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тұңғыш» деректі фильмін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Деректі фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары жүзеге асырған іргелі істеріне қатысты үзеңгілестері мен замандастары, саясаткерлердің сұхбаты жинақталған.

Тәуелсіздіктің 30 жылындағы тарихи жетістіктері туралы Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов пен Бекболат Тілеухен, Ұлттық нейрохирургия орталығының төрағасы Серік Ақшолақов, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы және ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин пікір білдіреді.

Туындыда маңызды шешім қабылданған сәтке тарихи шегініс жасалып, сол жылдардағы архив материалдарынан кадрлар ұсынылған. «Тұңғыш» деректі фильмі 1 желтоқсан күні сағат 20:00-де Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.


Jańalyqtar

MURAǴAT