Qazaqstan пен Qazsport 2018/2019 жылғы маусымдағы ең таңдаулы футбол матчтарын көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Qazaqstan пен Qazsport  телеарналары УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының көрсетілім құқығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында 3 жыл бойы көрсету құқығына ие болғанын хабарлайды», - делінген хабарламада.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футбол әлеміндегі 2018/2019 маусымындағы ең таңдаулы клубтардың тартысты матчтарын 2018 жылдың 15 тамызынан бастап 2019 жылдың 1 маусымына дейін тікелей эфирде көрсететін болады.

Еске сала кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы еурокубоктік бәсекелерді 2009 жылдан бастап көрсетіп келеді. Алғашқы жылдары 1 жылға ғана трансляция құқығын иеленсе, енді 3 жылдық келісімшартқа қол қойылды.

УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018 жылғы тамыз айындағы QAZSPORT телеарнасындағы  көрсетілім кестесі

матч

күні

уақыты AST

1

БЕНФИКА (Португалия) - ПАОК (Грекия)

21 тамыз

00:50 live

2

БАТЭ (Беларусь) - ПСВ ЭЙНДХОВЕН (Нидерланд)

21 тамыз

00:50

3

АЯКС (Нидерланд) - ДИНАМО КИЕВ (Украина)

22 тамыз

00:50 live

4

ДИНАМО КИЕВ (Украина) - АЯКС (Нидерланд)

28 тамыз

00:50 live

5

ПАОК (Грекия) - БЕНФИКА (Португалия)

29 тамыз

00:50 live

6

ПСВ ЭЙНДХОВЕН (Нидерланд) - БАТЭ (Беларусь)

29 тамыз

00:50

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар