Qazaqstan Barysy: Айбек Нұғымаров жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Qazaqstan Barysy турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров биылғы турнирді 1\4 финалдан аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ширек финалдың екінші белдесуінде екі дүркін Qazaqstan Barysy Айбек Нұғымаров пен 2017 жылғы Qazaqstan Barysy Еламан Ерғалиев шыққан болатын. Ақтөбелік Еламан Ерғалиев қарсыласын «жартылай жеңіс» ұпайымен ұтып кетті.

Еске салсақ, тағы бір Qazaqstan Barysy Мұхит Тұрсынов турнирден бірінші айналымда шығып қалды.

Биыл турнирдің бірінші орын иегеріне 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 млн 500 мың теңге, бапкеріне 1 млн 800 мың теңге.

Үшінші орын иегеріне 1 млн 800 мың теңге беріледі.


Соңғы жаңалықтар