«Qazaqstan» арнасында жаңа халықаралық мегажоба басталады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - «Qazaqstan» Ұлттық арнасында 30 қыркүйектен бастап «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық сайысы көрерменге жол тартады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Қарин хабарлады.

«Бұл халықаралық деңгейдегі маңызды жоба. Жобаның атауын «Жібек Жолы Жұлдызы» деп қойғанымыз сондықтан. Осы атау арқылы Жібек Жолы бойындағы мемлекеттердің мәдениетін таныстырып, елдерді бір-біріне жақындастырудың жолын қарастырмақпыз», - . Бұл жобаның ерекшелігі, біріншіден тұтастай, яғни идеясынан бастап құрылымына дейін өзіміздің өніміміз. Бұл біздің арнаның әріптестерінің арнайы ұйымдастырған жобасы, яғни шетелдік телеарналардан көшірілген франшиза емес. Екіншіден, бұл халықаралық деңгейдегі үлкен жоба. Қазірге дейін 9 елдің қатысушылары өзінің дайындығын білдіріп отыр. Қазірдің өзінде бұл жобаның аудиториясы 100 млн. адамды қамтиды», - дейді Ерлан Қарин..

Оның айтуынша, ҰлыЖібек Жолының бойында орналасқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Ресей Федерациясының: Татарстан, Башқұрстан сияқты елдерінің жарқын жұлдыздары бір сахнада бақ сынасады. Жоба заманауи музыкалық контенттің алуан түрлілігі мен ауқымының кеңдігімен ғана ерекшеленбейді. Алдымен ол қатысушы елдердің ерекше дәстүрлері мен мәдениеттерінің байланысуы арқылы бүкіл түркі тілді әлемге ортақ медиаинфрақұрылымның дамуына септігін тигізеді. Себебі, «Жібек Жолы Жұлдызы» мегажобасының басты мақсаты Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің қарым-қатынасын біріктіру, жаңа музыкалық дәстүрді орнату.

«Жібек Жолы Жұлдызы» Ұлттық арнада бірнеше ай бойына аптасына бір рет көрсетілетін болады. Жоба 12 концерттен тұрады.

Телевизиялық шоу-жоба қатысушы елдердің рейтингі жоғары телеарналарында да көрсетіледі.  

Соңғы жаңалықтар