Qazaqstan арнасы Сириядан қайтарылған қазақстандықтар туралы эксклюзивті кадрларды көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Qazaqstan» телеарнасы Сириядағы соғыстан құтқарылған қазақстандықтар туралы деректі фильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жусан: оралу мен оңалу» атты екі бөлімді туынды «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының желісімен әзірленген.

«Фильмде қазақстандықтардың қақтығыс аймақтарына қалай аттанғаны, қандай қиындықтарға тап болғаны, жесір қалғандардың жат жерде қалай өмір сүргені айтылады. Деректі фильмде теріс діни ағымдардың ықпалымен шекара асқан қазақстандықтар өз оқиғаларын ашық баяндайды және бұған дейін еш жерде көрсетілмеген эксклюзивті кадрлар көрсетіледі. Сонымен қатар, елге оралғаннан кейінгі радикалдық бағыттан бас тартып, бейбіт өмірге қайта бейімделуі туралы әңгімелейді», - деді телеарнаның баспасөз қызметінен.

Картинада еліміздің орталық және батыс аймақтарынан Сирияға аттанған қазақстандықтар туралы сирек кадрлар көрсетіліп, қақтығыс аймағында қаза тапқан қазақстандық отбасының оқиғасы баяндалады. Түсірілімге белгілі дінтанушылар мен теолог мамандар, министрлік өкілдері мен құқыққорғау саласының мамандары да қатысты.

Деректі фильм «Qazaqstan» арнасының эфирінен 3 және 10 қараша күндері сағат 20:45-те көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар