+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Qazaq Kuresi: Ақтөбеде өтетін әлем чемпионатына 40 елден балуандар қатысады

2019 жылғы 12 желтоқсан 19:15
Бөлісіңіз:
Qazaq Kuresi: Ақтөбеде өтетін әлем чемпионатына 40 елден балуандар қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Турнир 15-16 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды Грекия 2021 жылы Қазақ күресінен Әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірді Досхан Жолжақсынов Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының Құрметті президенті атанды

Қазақ күресінен әлем чемпионатын «Qazaq Kuresi» халықаралық федерациясы ұйымдастырып отыр. Турнирге 40-тан аса елдің спортшысы қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және тағы басқа елдер бар. Балуандар 8 салмақ дәрежесінде белдеседі.

Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз елімізден 12 төреші төрелік етеді.

Айтулы сайысқа жуырда «Әлем барысы-2019» жеңімпазы атанып, екі дүркін чемпион Айбек Нұғымаровты жеңген ресейлік Роман Бобиков та қатысатынын растап отыр. Ресейлік спортшы +100 салмақта және абсолютті салмақта белдеседі.

Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы Ербола Мырзабосынов тағайындалды. Qazaq Kuresi халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшыларды марапаттайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT