Qazaq Banki салымшыларына төлем жасау мерзімі ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына 2020 жылдың 24 маусымына дейін кепілді өтемақы төленетін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап хабарлайды.

Qazaq Banki салымшыларының басым көпшілігі өтемді алуға өтініш білдірмегендіктен, агент-банкі арқылы төлем мерзімі 2020 жылдың 24 маусымына дейін ұзартылды.

«Өткен 12 айда ВТБ Банкі (Қазақстан) Qazaq Banki салымшыларына ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен 20,3 млрд теңге сомасына өтем төледі, бұл міндеттемелер жалпы сомасының 99%-ын құрады. Бүгінгі күні кепілдік берілген өтемді алуға жүгінбеген Qazaq Banki салымшылары алдындағы міндеттемелердің қалдығы 228,0 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күнге дейін, өтемақыны 5 871 салымшы алды, бұл банк салымшылары жалпы санының 33%-ын құрайды» , - дейді Қордың баспасөз қызметі.

Банк салымшыларының көбі шоттардағы қаражаттың аздығына байланысты өтемді алуға жүгінбеген, бірақ мұндай мүмкіндік туралы білмеген адамдар да бар. Сондықтан ҚДКБҚ ВТБ Банкі (Қазақстан) келісімнің қолданыс мерзімін тағы да жарты жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

«Qazaq Banki» АҚ 2018 жылы барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды. 2018 жылы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Шешім 2018 жылы 12 желтоқсанда күшіне енді. Сондай-ақ, жұмысын тоқтатқан «Qazaq Banki»-нің клиенті 13 млн теңгесін әлі алып кетпеген.

Соңғы жаңалықтар