Qazaq Banki салымшыларына өтем төлеу мерзімі 1 мамырға дейін ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Qazaq Banki салымшыларына агент банк - ВТБ Банкі арқылы кепілдік берілген өтем төлеу мерзімі 1 мамырына дейін ұзартылғаны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор Qazaq Banki алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасының 99 пайызын орындады. 2021 жылдың 16 сәуіріне дейін қалыптасқан жағдай бойынша аталмыш банк салымшылары агент банк арқылы 20,4 млрд теңге кепілдік берілген өтемді алды. Оны алуға 6 мың адам немесе салымшылардың 33 пайызы өтініш берген.

Қазір өтемді алмаған салымшылардың шамамен 160 млн теңгесі қалған.

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтінішпен агент банктің бөлімшелеріне жүгіне алады. Бұл үшін www.vtb-bank.kz сайты немесе 5050 нөмірі бойынша (ұялы телефон арқылы тегін) анықтама қызметінен филиалдардың жұмыс кестесі туралы алдын ала білуі керек.

Еске саламыз, «Qazaq Banki» АҚ депозитінде, ағымдағы және карта шотында ақшасы бар салымшылар (жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер) кепілдік берілген өтемді алуға өтініш береді. Кепілдік мөлшері:

- ұлттық валютадағы қаражат бойынша – 10 млн теңгеден;

- шетел валютасындағы қаражат бойынша – 5 млн теңгеден аспайды.

Салымшыда түрі мен валютасына қарай бірнеше депозит болған жағдайда, кепілдік берілген жиынтық өтем, әрбір депозит түрі бойынша шекті мөлшерді ескере отырып, 15 млн теңгеден аспайды.

Барлық төлемдер тек теңгеде жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы салымдар бойынша өтем банкті тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні – 2018 жылғы 12 желтоқсанда белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша есептеледі.


Соңғы жаңалықтар