«Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмі әуелі кинотеатрларда көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украиналық режиссер Игорь Лопатенок ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмі теледидарға жол тартпас бұрын кинотеатрларда көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз фильм алдымен кинотеатрларда көрсетіліп, содан кейін ғана теледидарға шығады деп үміттенеміз. Бұл қалай болатынын көреміз. Туындының нағыз бағасын көрермен береді. Жалғыз өлшем – осы. Мен бүгін баспасөз мәслихатында айттым, сыншылардың айтқанын оқымаймын. Себебі олар ешқашан өздері фильм түсірмейді. Біз бұл суретті сыншылар үшін емес, көрермен үшін жасадық. Біз үшін тек көрерменнің пікірі маңызды», - деді Игорь Лопатенок БАҚ өкілдеріне.

Режиссер туындының неғұрлым ауқымды аудитория жинауына мүдделі екенін айтты.

«Біз фильм мейлінше көп аудиторияға жетуі үшін тоғыз ай бойы қолдау көрсетеміз. Фильм танымалдығының шарықтау шегі 2022 жылдың сәуіріне келеді деп ойлаймын. Туындының бүгінгі нұсқасы кинотеатрларға арнап жасалған. Менің ойымша, осындай қалып көптеген жылдар бойы өзекті болады», - дейді автор.


Соңғы жаңалықтар