Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

«Qазақстандық» атты кітап жарыққа шықты

2019 жылғы 6 маусым 15:49 1013
Бөлісіңіз:
«Qазақстандық» атты кітап жарыққа шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Назарбаев орталығында Тұңғыш Президент Қорының лауреаты Тинкай Кретованың «Qазақстандық» (Qазахстанец) кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбектің авторы жазушы, түркі халықтарының рухани мәдениетін зерттеуші, саяхатшы, республикалық әдеби сыйлықтарының лауреаты - Тинкай Кретова. Автор бұл туындыны еліне арнап отырғанын айтады. Оған түрлі адамдардың тағдыры арқау болып, Қазақстанның бай да әсем табиғаты да қамтылған. Сондай-ақ Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының «Киелі Қазақстан» зерттеу экспедициясы барысында жазылған очерктер енгізілген. Кітапты жарыққа шығару үшін Тинкай Қазақстанның өңір-өңіріне саяхат жасаған.
«Qазақстандық» атты кітап жарыққа шықты 

«Шама-шарқымша көшпелі мәдениетті зерттеуге бет бұрған адаммын. Қазақстан мен оның тарихы, мәдениеті мен табиғатының қыр-сыры туралы бәрін білдім, толдым дегім келмейді. Бәлкім, кітабымға барынша патриоттық сипат беруге тырысқандықтан болар, біреулер оқығысы келмеуі де мүмкін. Себебі, қазір әркімнің өз ұстанымдары бар. Міне, сол себепті, барынша прагматикалық көзқарастағы адамдармен ортақ тіл табысу керек деген ойды жеткізгім келеді. Дәл осы «Qазақстандық» кітабым - ортақ үйлесімді іздеу үшін жазылған шығарма», - деді Тинкай Кретова.
«Qазақстандық» атты кітап жарыққа шықты 

Тұсаукесер рәсіміне қоғамдық қайраткерлер, жас жазушылар және студент жастар қатысты.

Бүгінгі іс-шара барысында Қазақстан бойынша жасалған фотосуреттер мен бейнетүсірілімдер көрсетілді. Сонымен қатар автордың кітаптары және Тұңғыш Президент Қоры шығарған «Алтын тобылғы» әдеби жинағы ұтысқа салынды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Тинкай Кретова «Қазтабан» повесі үшін Тұңғыш Президент Қорының «Алтын Тобылғы - 2016» әдеби сыйлығына ие болған еді.


«Qазақстандық» атты кітап жарыққа шықты 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT