Qatar Airways әлемнің барлық елдеріндегі дәрігерлерге 100 мың тегін билет таратпақ

None
None
ДОХА. ҚазАқпарат – Qatar Airways әуе компаниясы COVID-19 пандемиясымен күрескен медицина қызметкерлеріне алғыс ретінде ұшаққа мінуге 100 000 тегін билет сыйлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуе компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл бірегей акция 12 мамыр күні басталып, 18 мамырда, Доха уақытымен сағат 23:59-да аяқталады. Медициналық қызметкерлер qatarairways.com/ThankYouHeroes компаниясының сайтында тіркеліп, кезек тәртібінде берілетін промо-кодты алу үшін арнайы үлгіні толтыруы тиіс.

Билетті әлемнің кез келген елінде тұратын медициналық қызметкерлер алуға құқылы. Билетті алу әділ болу үшін әрбір ел 12-18 мамыр аралығында тұрғындар санына байланысты билеттердің белгілі бір санын алады.

Промо-код алған медициналық қызметкерлер әуе компаниясы ұшатын кез келген нүктеге екі адам – өзі және серігіне барып-келуге мүмкіндік беретін эконом кластағы екі тегін билет ала алады. Билеттер 26 мамырға дейін брондалуы тиіс, бұл ретте оларды 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін пайдалануға болады.


фото: albawaba.com
Соңғы жаңалықтар