Qatar Airways әлемдегі ең ұзақ әуе рейсін сапарға аттандырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Qatar Airways әуе компаниясы Қатар астанасы Дохадан Жаңа Зеландияға тікелей ұшақ қатынайтынын жария етті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Дохадан алғашқы рейс QR920 жексенбі таңертең аттанды, ол Оклендке дүйсенбі жергілікті уақытпен сағат 07:30 келіп жетеді.

Ұшу сапары 16 сағат 20 минутқа созылады, осы аралықта әуе кемесі 10 сағаттық белдеуді және 5 мемлекетті басып өтеді. Ара қашықтық - 14 535 шақырым. Қайтар жолда ұшақ 17 сағат 30 минут әуеде болады.

Бұл әлемдегі үзіліссіз жалғасатын ең ұзақ коммерциялық рейс атанып отыр. 

Соңғы жаңалықтар