Путинцева WTA рейтингінде бір сатыға жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - «SPORTINFORM» САА назарларыңызға 17 желтоқсандағы WTA  теннис қауымдастығының әйелдер рейтингісін ұсынады. 

Алғашқы ондықта айтарлықтай өзгермеген, өйткені жылдың барлық үлкен турнирлері өтіп кетті.

1. Симона Халеп (Румыния) - 6921;

2. Анжелик Кербер (Германия) - 5875;

3. Каролин Возняцки (Дания) - 5586;

4. Элина Свитолина (Украина) - 5350;

5. Наоми Осака (Жапония) - 5115;

6. Слоан Стивенс (АҚШ) - 5023;

7. Петра Квитова (Чехия) - 4630;

8. Каролина Плишкова (Чехия) - 4465;

9. Кики Бертенс (Нидерланды) - 4335;

10. Дарья Касаткина (Россия) - 3410.

Қазақстандық теннисшілер арасында Франциядағы ашық чемпионатта екі мерте ширек финалға жеткен Юлия Путинцевада біршама жетістік бар. Осы аптада қазақстандық теннисші бір сатыға жоғарылап әлемдік тізбеде 44-орынға тоқтады.

Ал  әлемнің үздік 500 теннисші қызының қатарында біздің бес спортшымыз бар.

44. Юлия Путинцева - 1 145;

89. Зарина Дияс - 675;

177. Елена Рыбакина - 330;

359. Анна Данилина - 114;

497. Гозаль Айнитдинова - 61.

Соңғы жаңалықтар